Мазмұнға өту
· 16 қаралым

Өрт дәмхананың дымын қалдырмады

Ал Алматыда алапат өрт танымал дәмхананың бірін тып-типыл етті. Өрт сөндірушілер жеткенше, нысанның түгі қалмай жанып кеткен. Әйтеуір құтқарушылар кафеге тиіп тұрған үйдің тұрғындарын қауіпсіз жерге шығарып үлгеріпті. Қайта 100 метр жерде өрт гидранттары бар екен, соларды іске қосып, жалынның бетін қайтарып, дәмхана ішінен 5 газ баллонын алып шыққан. Қазір елдің есін шығарған тілсіз жаудың қалай тұтанғаны анықталып жатыр.

← Барлық жаңалықтар