Мазмұнға өту
· 17 қаралым

Бөдененің жұмыртқасындай бұршақтың әлегі

Ақтөбе облысында — апокалипсис. Ырғыз ауданында бөдененің жұмыртқасындай бұршақ жауып, жұртты әбден әбігерге салды. Табиғаттың мамырдағы мұндай тосын құбылысына жүргізушілер де таңқалды. Жаныс би және Шеңбертал ауылдарында күн күрт бұзылып, жауынның соңынан бұршақ төпелеген. Қаттылығы сонша, кейбір үйдің шатырын тесіп тастапты. Жарма ауылында да бұршақ аралас жаңбыр жауып, іле-шала тұрған жойқын желден сегіз электр бағаны құлаған. Аудандық әкімдік қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабарлады. Осы елді мекендердегі ахуалды реттеу үшін облыс орталығынан төтенше жағдайлар қызметінің мамандары жолға шығыпты.

← Барлық жаңалықтар