Қазақтар Ұлыбританияда да әкім болып жатыр. 33 жастағы Санжар Әбішев Лондондағы ақсүйектер көп тұратын Сент-Джеймс ауданының мэрі болып сайланды. Сол жақта оқып-тоқыған ол халықаралық маркетинг пен цифрлық технологиялар саласында он жылдан бері жұмыс істеген. Оның сайлаудағы жеңісіне бағдарламасынан бөлек, адамгершілік іс-әрекеті де сеп болыпты. Отандасымыз пәтерінде жападан жалғыз көмексіз қалған 79 жастағы тұрғынға көмектесіп, сайлаушылардың зор сеніміне ие болған.