Мазмұнға өту
· 13 қаралым

Тағы бір музей ашылды

Ақмола облысының Родина ауылында Ұлттық әскери-патриоттық орталықтың әскери-тарихи музейінің филиалы ашылды. Оның лентасын Қорғаныс министрі Дәурен Қосанов пен аймақ әкімі Марат Ахметжанов қиды. Ал шараға зейнеттегі генералдар мен қоғам белсенділері, ауыл тұрғындары қатысты. Жаңа музейге Екінші дүниежүзілік соғыста қолданылған қару-жарақ пен әскери техника үлгілері, архивтік материалдар, жауынгерлік тулардың түпнұсқалары қойылған. Мұнда осы өлкенің Жеңісті жақындатуға және елдің дамуына қосқан үлесі туралы баяндайтын жәдігерлермен де танысуға болады.

ДӘУЛЕТ ҚАДЫРОВ, ҰЛТТЫҚ ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ ОРТАЛЫҚ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ, ӘСКЕРИ-ТАРИХИ МУЗЕЙДІҢ БАСШЫСЫ:

Осы Родина өңірінің, одан бөлек Ақмола облысының тарихы көрсетілген. Әскери тарихы десек те болады. Өйткені музейдің негізгі бөлігі Ақмола өңірінен Ұлы Отан соғысына қатысқан азаматтарға арналып отыр. Музей жәдігерлерін жинастыруға Әскери-тарихи музейі мен Родина ауылының тұрғындары үлкен үлес қосты.

Музейдің негізгі міндеті – келушілерді өңір мен Родина ауылының тарихымен таныстыру. Бөлімшені ашу барысында озық шетелдік тәжірибе ескерілді. Мұражайда 100-ден астам жәдігер қойылған. Олардың арасында 1939-1944 жылдары шығарылған 16 әскери техника да бар.

← Барлық жаңалықтар