Мазмұнға өту
· 16 қаралым

Атышулы Айс Мұратова 12 жылға сотталды

Алматыда бір әулеттегі 13 адамға үкім шықты. Бүгін атышулы Айс Мұратованың ісіне нүкте қойылды. Сот оны 12 жылға бас бостандығынан айырды. Ал 12 сыбайлас туысы 6 және 8 жыл аралығында жаза арқалады. Олар қылмыстың басты фигуранты Арайлым Мұратованың ет жақындары, жеңгесі, бөлесі, жиені. Тергеу мәліметінше, Айс алып қоймаларды жалдап, үйге қажетті дүниелерді онлайн саудаға салған. Жұмысқа туыстарын да тартқан. Сөйтіп, Қытайдан тез әрі арзан жеткізіп берем деп бес мыңға жуық қазақстандықты алдап келген. Оның үстінен 300-дей адам арыз жазып, тергеу бір жыл бойы жүрген. Өйткені жымқырылған қаражат 4 млрд теңгеден асып жығылады. Судья үкімді оқи бастағанда-ақ күдіктілер бірінен соң бірі қорсылдап жылап жіберді. Ал іске қатысы бар әйелдердің бәрінің жазасы бір жылға шегерілді.

АЙГҮЛ МАҚАНОВА, ЖӘБІРЛЕНУШІ:

Бірақ келешекте мен ойлаймын, 190 бап бойынша отсрочка берілмесін. Өйткені балаларын ойласа, елді осынша алдамау керек еді. Неге олар ойламады елді алдағанда? Ешқандай бірде-бір тауар Қытайдан келмеген. Түркиядан келмеген. Барлығын Байсат базардан алып отырған. Путешествияға барған, саяхатқа барған, жылжымайтын мүліктер алған. Брендовый киімдер. Ешқандай бухучет жүрмеген.

← Барлық жаңалықтар