Мазмұнға өту
· 13 қаралым

Астананың аспанында әскери ұшақ көбейді

Осы Түркия президентінің сапарына Астана айрықша дайындалып жатыр. Әсіресе елорданың көгінде әскери ұшақтар дамыл таппай, бауырлас елдің байрағын бейнелеу үшін әлсін-әлсін ұшады. Кейбір тұрғындар бұл көрініске таң қалып, әлеуметтік желіге салған. Кейін Қорғаныс министрлігі барлығын түсіндіріп, ақпарат құралдарына ресми жазбасын таратты. Бұл дайындық іс-шараларының қаланың тыныс-тіршілігіне ешқандай кедергісі болмайды.

← Барлық жаңалықтар