Мазмұнға өту
· 6 қаралым

Шакираның әні футболдың сәні

Футболдың мәні Шакираның әнінде. Әлем жұлдызы төрткүл дүние көз тіккен доп додасының ресми әнін таныстырды. «Dai Dai» деп аталатын композиция нигериялық орындаушы Burna Boy-мен бірлесіп жазылыпты. Ал әннің ресми тұсаукесері 14 мамырға жоспарланған. Жалпы, өнер иесі бұған дейін де футбол мерекесінің ажарын ашқан туындылардың авторы. Әсіресе оның 2010 жылы жазған Waka Waka әні әлем чемпионаттары тарихындағы ең танымал әуендердің біріне айналған еді. Еске салайын, 4 жылда бір келетін футбол тойы 11 маусым мен 19 шілде аралығында АҚШ, Канада және Мексика аумағында өтеді. Тарихта тұңғыш мәрте 48 команда бақ сынайды.

← Барлық жаңалықтар