Мазмұнға өту
· 1 қаралым

Қызыл кілемнің шаңын шығаратын болды

Бүгін Францияда 79-шы Канн кинофестивалі шымылдығын түрді. Енді кино әлемінің серкелері Лазур жағалауындағы қызыл кілемде ойқастап, папарацци алдында бой түзейді. Жылдағы дәстүр бойынша биыл да ең танымал және көптен күткен фильмдердің премьерасы көпшілік назарына ұсынылмақ. Фестиваль бағдарламасында Педро Альмодовар, Андрей Звягинцев, Рюсуке Хамагути және өзге де белгілі режиссерлердің жаңа туындылары бар.

Ал тоғыз адамнан тұратын қазылар алқасын оңтүстіккореялық танымал режиссер Пак Чан Вук басқарады. Төрешілер құрамына Голливуд жұлдызы Деми Мур, швед актері Стеллан Скарсгард та кірді. Айта кетейін, 16 мамыр күні кинофестиваль алаңында Алматыда түсірілген «Aryk» фильмінің де таныстырылымы өтеді. Осы жолы беделді бәйгеде кімнің қанжығасы майланатыны 12 күнге жалғасатын фестиваль аясында анықталады.

← Барлық жаңалықтар