Мазмұнға өту
· 8 қаралым

Білім грантын үлестіру талаптары өзгереді

Елімізде білім грантын үлестіру талаптары біршама өзгермек. Ғылым және жоғары білім министрлігі жаңа бұйрық шығарды. Соған сәйкес университеттердің ресми рейтингі басты көрсеткіш болмақ. Сапалы білім беретін үздік оқу орындарына көбірек грант бөлу көзделген. Бұл ретте тегін оқу мүмкіндігі арнайы квота ретінде халқы тығыз орналасқан және жаңадан құрылған облыстардың жастарына беріледі. Сондай-ақ грант конкурсына қатысу үшін ҰБТ-ның шекті балына қойылатын талаптар да нақтыланды. Мысалы, педагогикалық ғылымдар мен «Құқық» бағытын таңдаған түлек кемінде 75 балл жинауға тиіс. Денсаулық сақтау саласына 70 балл, ал ұлттық жоғары оқу орындарына түсу үшін 65 балл жинау қажет. Басқа бағыттар үшін шекті балл — 50. Аталған өзгеріс биыл қыркүйекте күшіне енеді.

Маржан Нүсіпбек

← Барлық жаңалықтар