Мазмұнға өту
· 5 қаралым

Конор октагонға оралғалы жатыр

Конор Макгрегор төрт жылдық үзілістен кейін октагонға қайта оралады. UFC-дің атышулы саңлағы, қос дивизион королінің жекпе-жегі жазда өтуі мүмкін. Оның қарсыласы жартылай жеңіл салмақтың бұрынғы чемпионы Макс Холлоуэй болмақ. Бұл туралы ММА әлемінің белгілі инсайдері Ариэль Хельвани өзінің YouTube каналында жариялады. Бұл жай ғана айқас емес, араға 13 жыл салып ұйымдастырылғалы тұрған реванш кезеңі. Еске сала кетейін, екі аңыз спортшы алғаш рет 2013 жылы кездесіп, ол кезде ирландиялық жұлдыз төрешілердің бірауызды шешімімен басым түскен болатын.

← Барлық жаңалықтар