Мазмұнға өту

Амангелді Сейітханның ұлы көптің жүрегін елжіретті

Жеңісті күндерде жолыққанша. Әйгілі спорт комментаторы, марқұм Амангелді Сейітханның ұлы әкесінің сара жолын қуып, матч кезінде көптің жүрегін елжіретіп жіберді. Бұл «Ордабасы» мен «Жетісу» командалары арасындағы кездесу. Матч барысында шымкенттік ойыншылардың жанкүйерлері марқұм комментаторға құрмет көрсетіп, әйгілі «Жеңісті күндерде жолыққанша» деген сөзі бар үлкен суретін жайды. Осы кезді пайдаланып, Бекасыл Сейітхан әкесі жайлы сыр шертті. Бұл жүрек елжіретер сәттің дәл 69 минутта болғаны да бекер емес. Марқұм Амангелді аға Сейітхан 1969 жылы 11 мамыр күні дүниеге келген.

← Барлық жаңалықтар