Мазмұнға өту
· 19 қаралым

Алатауда «әуе таксиі» сынақтан өтті

Алатау қаласының тұрғындары көп ұзамай небәрі он минутта Алматыға жете алады. Қазақстан мен Орталық Азияда тұңғыш рет жолаушыларды тасымалдайтын «әуе таксиі» сынақтан өткізілді. Бұл аппарат пилотсыз басқарылады және сағатына 300 шақырым жылдамдықпен ұшады. 300 метр биікке тік көтеріліп, қонады, толық электр қуатымен жұмыс істейді. Ішіне алты адам сыяды.

Әзірге елімізге төртеуі келген. Келешекте америкалық компаниядан 50 данасын сатып алу жоспарланып отыр. Бұл аппараттың үш түрі бар екен. Алғашқы екеуі жүктер мен адамдарды тасымалдауға арналған. Ал соңғысы төтенше жағдайларда қолданылмақ. Яғни, жоғалғандарды іздеуге, өрт кезінде бақылау жүргізуге, құтқару операцияларында пайдаланылады. Мамандардың айтуынша, осылайша Alatau City біртіндеп инновациялық әрі технологиялық қалаға айналмақ. Мұндай әуе таксиі елімізде 2028 жылға қарай толық қолданысқа берілуі мүмкін.

ДАСТАН ЗАЙНОЛДА, «ALATAU ADVANCE AIR GROUP LTD» КОМПАНИЯСЫНЫҢ ӨКІЛІ:

Келесі жылы, 2027 жылы бұл аппараттар әлемдік басқа АҚШ, Қытай тағы басқа елдерде сертификатталады деп жоспарлап отырмыз. Одан кейін 2028 жылы бұлар коммерциялық негізде сатыла бастайды. Сол сатыла бастағанда біз де Қазақстанға 2028 жылдың соңына қарай келіп қалады деген ойдамыз, жоспардамыз.

Гүлнәзия Мейірханқызы

← Барлық жаңалықтар