Мазмұнға өту
· 8 қаралым

«Арсенал» 22 жылдан соң чемпион атанды

Манчестер Сити болдырып, Ливерпульді жер қылып, Челсиді тоздырып, Юнайтедті қор қылып, «Арсенал» чемпион атанды. Канонирлердің жанкүйерлері 22 жыл сарыла күткен, сағынып жеткен жүлде Лондонға қайта оралды. Өйткені ұзақ қашықтықта алдына қара салмайтын «Манчестер Ситидің» ойыншылары сырт алаңда тең түсіп қалды. Сөйтіп, мәре жақындаған сайын тақымын қысып отырған жанкүйерлерінің үмітін бұл жолы ақтай алмады. Ал зеңбірекшілер болса, Хосеп Гвардиоланың ұжымын 4 ұпайға артқа тастап, тарихындағы төртінші жүлдесіне қол жеткізді. Арсеналдың жанкүйерлері түні бойы ұйықтамай тойлатты.

Бір адамның тағдырына татитын уақытта талай тартыс болып еді. Ағылшын премьер-лигасын «Арсенал» әне алады, міне алады деп жүргенде 22 жыл өткен. Тек соңғы төрт маусымда жүлдеге бір табан жақын болды. Ақыры Микель Артетаның шәкірттері тас қамал қорғаныстың асқақ үлгісін көрсетіп, шың басынан көрінді. Атақты бапкер Арсен Венгердің арманы орындалды.

← Барлық жаңалықтар