Мазмұнға өту
· 8 қаралым

АҚШ-тан сүйінші хабар келді

АҚШ-тан жеткен сүйінші хабар. Қазақ қызы Америка Құрама Штаттарының Словениядағы өкілетті елшісі болып тағайындалды. Ақ үй басшысы бастап, Сенат қостап, Әсел Робертсті бұл қызметке әбден лайық деп таныпты. Сөйтіп, отандасымыз Америка тарихындағы елші креслосына отырған алғашқы этникалық қазақ атанды. Ол мемлекеттік басқару саласына 20 жылға жуық уақытын арнаған тәжірибелі маман. Әсел Робертс бұған дейін дипломатиялық сұрақтар бойынша протоколдық қызметтің өкілінен бастап, АҚШ вице-президентінің аппаратына дейін бірнеше қызметтің басын қайырып үлгерген.

← Барлық жаңалықтар