Мазмұнға өту
· 18 қаралым

Бәйгеде бас жүлдеге пәтер тігіледі

Бас жүлдеге су жаңа пәтер тігілген алып дода. 7 маусым күні Астанада республикалық бәйге өтеді. Бұл жай ғана жарыс емес, еліміздің түкпір-түкпірінен ең жүйрік сәйгүліктер мен сайдың тасындай шабандоздар жиналатын нағыз тұлпарлар шеруі болмақ. Олар бірнеше қашықтықта сынға түседі. Мәселен, 25 шақырымдық аламан бәйгеде оқ бойы озық келген жеңімпазға 1 бөлмелі баспананың кілті табысталады. Сондай-ақ аламанның өзге жүлдегерлеріне автокөлік пен ақшалай сыйлықтар үлестіріледі.

Қуат Құдайбергенов

← Барлық жаңалықтар