Мазмұнға өту
· 7 қаралым

Төрт күннен кейін Айдың түсі өзгереді

Осы айдың соңында сіз бен біз ерекше астрономиялық құбылыстың куәсі болуымыз мүмкін. Осы жексенбі, яғни 31 мамырда Ай көк түске еніп, аспан әлемі керемет көрініске бөленеді. Егер сол уақытта күн райы қолайлы болса, бұл сәтті еліміздің әр өңірінен тамашалауға мүмкіндік туады. Мұндай құбылыс 2-3 жылда бір-ақ рет қана болады, дейді білетіндер. Демек, келесі жолы бұл тек 2028 жылдың желтоқсан айында қайталанады екен. Астрологтардың сөзінше, аспан серігінің ерекше түске боялуы оның Ай орбитасының Жерден ең алыс нүктесіне жақын орналасуынан пайда болады екен. Ол күні толық ай өзінің ең кішкентай фазасына енеді.

← Барлық жаңалықтар