Көкке ұшқан 90 дрон бір сәтте суға құлады. Түнгі аспанды безендіруі тиіс болған құрылғылар техникалық ақау салдарынан басқарылмай, Сиднейдегі су айдынына құлдилаған. Осы оқиғадан кейін жоспарланған барлық қойылымдар жедел тоқтатылыпты. Дронға жауапты компанияның мәлімдеуінше, бұған радиожиіліктегі кедергілер себеп болған. Қазіргі уақытта апат аймағында жаппай тексеру жүріп жатыр, ал әуедегі шоудың қашан жалғасатыны әзірге белгісіз.