Мазмұнға өту
· 13 қаралым

Биыл қай мамандықтарға грант көп бөлінеді?

Оқу жылы аяқталды. Түлектер енді ҰБТ-ға дайындалып, абыр-сабыр болып жатыр. Барлығының көздегені де, үміт еткені де — мемлекеттік грант. Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің мәлімдеуінше, биыл 90 мыңға жуық грант қарастырылған. Оның басым бөлігі бакалавриатқа, 11 мыңнан астамы магистратураға, ал қалғаны докторантураға үлестіріледі. Жалпы, осы жылы инженерлік, техникалық және ауыл шаруашылығы мамандықтарына көп көңіл бөлінбек. Сонымен қатар педагог мамандарды даярлауға, жаратылыстану ғылымдары мен медицина бағыттарына да айрықша назар аударылып отыр.

2026-2027 оқу жылына арналған мемлекеттік гранттардың жалпы саны — 89 457. Оның 75 371-і бакалавриатқа, 11 007-сі магистратураға, 3 079-ы докторантураға бөлінеді.

Грант көп бөлінетін мамандықтар: инженерлік-техникалық бағыттар, IT және цифрлық технологиялар, ауыл шаруашылығы саласы, педагогикалық мамандықтар, жаратылыстану ғылымдары мен медицина.

← Барлық жаңалықтар