Стратегия мен командалық рухты біріктірген дода. Бүгін елордада шахматтан корпорациялар арасында жарыс өтіп жатыр. Тартысты ойынға 20 команда қатысуда. Олардың арасында еліміздің мұнай-газ, медиа, телекоммуникация және қаржы секторларындағы ірі компаниялар бар. Сайыс Швейцария жүйесі бойынша өтеді, бас-аяғы 7 кезеңнен тұрады. Әр құрамда негізгі 4 ойыншы және бір адам қосалқы позицияда болады.
ЖАНБОЛАТ ТӨРЕШ, ТУРНИРГЕ ҚАТЫСУШЫ:
Бар күшімізді саламыз, топ үштікке кіруге тырысамыз. Негізінде, осындай турнирлер компаниялар арасындағы қарым-қатынастарды нығайтып, сыйластықты арттырады. Ұйымдастырушыларға, Федерацияға осындай турнирді ұйымдастырғаны үшін алғысымызды білдіреміз.
Айта кету керек, турнирге қатысушылар еліміздің әр өңірінен келген. Үштікке кірген командаларға ақшалай сыйлық беріледі. Ал жүлдегер атанған топ Әлем чемпионатына жолдама алады. Халықаралық дәрежедегі әуесқой ойын биыл екінші рет ұйымдастырылып отыр. Былтыр үздіктердің үздігі атанған ойыншылар Үндістанға жолдама алған екен.
ГҮЛМИРА БЕКЗАТҚЫЗЫ, ҚАЗАҚСТАН ШАХМАТ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ:
Жылдан-жылға түрлі мемлекеттерде осындай командалық шахматтан корпорациялар атынан жарыстар өтіп жатыр. Сондықтан да Google, IBM деген сияқты командалар өз құрамаларын жіберіп жатыр. Сондықтан қазіргі таңда шахмат кең тарады деп айтсақ болады.