Мазмұнға өту
· 9 қаралым

Жастар от жағып жарысып жатыр

Жамбыл облысында ерекше жарыс өтіп жатыр. «Дәм мен дәстүр» деп аталатын сайысқа еліміздің әр өңірінен, тіпті шетелден де келіпті. Мұнда қыз-жігіттер ошаққа қи жағып, қазанға ет салды. Тезектің шоғына таба нан пісірді. Ұлттық тағамдарды дайындап, құдаға, күйеу балаға және сыйлы қонаққа тартылатын жіліктердің түрлерін көрсетіп, сынға түсті.

ЭМИР ТІЛЕНБАЕВ, ҚЫРҒЫЗ ЕЛІНЕН КЕЛГЕН ҚАТЫСУШЫ:

Бұл болып жатқан жарыс бізге керемет көмек болды. Пайдасы да тиіп жатыр. Біз секілді жас аспазшылар осындай байқаулардың арқасында ел көріп, жер көріп, көп тәжірибе жинақтайды. Сондай-ақ алдағы уақытта кез келген мемлекетте оңай жұмыс істеп кете алады деп ойлаймын.

Енді өңірдегі жергілікті атқарушы орган өкілдері осы сайысты халықаралық деңгейде тұрақты ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Сөйтіп өзге де көршілес мемлекеттерді байқауға тартып, өзара тәжірибе алмаспақ. Әзірге тау етегінде өткен додаға Өзбекстан мен Қырғызстан студенттері қатысты.

АЙБАР САПАРҒАЛИ, ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУДІ ДАМЫТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

«Дәм мен дәстүр» дегеніміз – өзіміздің ұлттық салт-дәстүрімізді сақтай отырып, ұлттық тағамдарды дайындауға аса мән беру. Жалпы, студенттер өздері жинақтаған тәжірибелерінің барлығын осы конкурста дағды түрінде көрсететін болады.

← Барлық жаңалықтар