Мазмұнға өту
· 14 қаралым

Кіл мықтылар жиналды

Шахмат әлемінің мықтылары Ақтөбеге жиналды. Олар «Владимир Дворкович мемориалы – Aktobe Open 2026» деген халықаралық фестивальге қатысып жатыр. 21 мемлекеттен келгендердің осалы жоқ. Тізімді рейтингі 2600-ден жоғары гроссмейстерлер бастап тұр. Шараны өткізуге Халықаралық шахмат федерациясы, Туризм және спорт министрлігі, Қазақстан шахмат федерациясы мен Ақтөбе облысы әкімдігі ұйытқы болған.

АРКАДИЙ ДВОРКОВИЧ, FIDE ПРЕЗИДЕНТІ:

Мен тағы да Ақтөбеге табаным тигеніне қуаныштымын. Әкем, шахматтан халықаралық төрешінің есімін ұмытпай, осылай фестивалін ұйымдастырғаны жүрегіме жылылық ұялатады. Бұл – кіл мықты спортшылардың басын қосып, шахмат әлемінде жаңа жұлдыздардың шығуына үлкен мүмкіндік дер едім. Қазақстанның шахматты жүйелі түрде дамытып отырғаны көп мемлекеттерге үлгі деп сеніммен айта аламын.

Халықаралық фестиваль аясында екі турнир өтіп жатыр. Біріншісі – Masters. Мұнда тек кәсіби шахматшылар бағын сынайды. Ал Open-де балалар мен әуесқойлар да ойнай алады. Әрі бұл фестиваль шахматтан Қазақстан кубогының бірінші кезеңі болып есептеледі. Қалғандарын федерация Атырау мен Шығыс Қазақстан облыстарында, ал ақтық сынды Алматыда өткізуді жоспарлап отыр.

ҚАЗЫБЕК НӨГЕРБЕК, ШАХМАТШЫ, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ГРОССМЕЙСТЕР:

Біз осындай жарыстарда өз үйімізде ойнай аламыз, тек қана рейтингті ғана емес, өзіміздің ойынымызды да дамыта аламыз. Осы жарыста біздің ғана шахматшылар емес, әлемнің мықты шахматшылары, халықаралық гроссмейстерлері, мысалы, ТОП-100-ге, ТОП-50-ге кіретін шахматшылар келеді.

Ақбаян Сұлтанмұрат

← Барлық жаңалықтар