Мазмұнға өту
· 14 қаралым

Инновациялық рейтингтегі орнымыз қандай?

Қазақстан Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының Жаһандық инновациялық рейтингінде 81-ші сатыға тұрақтады. Сарапшылар мұны түзу кезінде 139 мемлекеттің жаңа технологияларды жасауға, енгізуге және ауқымын кеңейтуге, ғылымды, креативті индустрияны дамытуға қаншалықты дайын екенін жіті зерттеген. Тізімде Швейцария көш бастап тұр. Швеция екінші сатыға жайғасса, АҚШ, Оңтүстік Корея Республикасы және Сингапур үздік бестіктен көрінді. Ал Қытай алғаш рет ондыққа кірген. Осылайша, Қазақстанның рейтингтегі орны біраз дүниені айқындап берді. Яғни біздің ел келешекте ғылыми-зерттеу базасын нығайтып, инновациялық бизнесті, цифрлық инфрақұрылымды және технологияларды коммерцияландыру тетіктерін әлі де дамытуы қажет.

← Барлық жаңалықтар