Мазмұнға өту
· 9 қаралым

Филиппинде зілзала болды

Жойқын зілзала елдің есін шығарды. Филиппиндегі жер сілкінісінің магнитудасы 7,8 болған. Тіпті соңы цунамиге ұласуы мүмкін деген қауіп бар. Табиғи апаттың кесірінен провинцияларда жарық сөніп, байланыс істен шығып, құтқару жұмыстарын жүргізу үшін мектеп, балабақшалар жұмысын уақытша тоқтатқан. Германия геологиялық қызметінің хабарлауынша, жер сілкінісі теңіз түбінен 10 км тереңдікте басталған. Сондай-ақ дүмпу тек Филиппинде ғана емес, Индонезияның солтүстігінде де сезіліпті. Қазір Филиппин үкіметі төтенше жағдайға байланысты жедел шаралар ұйымдастырып жатыр.

← Барлық жаңалықтар