Аспанды түрлі түске бояған ондаған әуе шары және көкжиекпен астасқан асқар таулар. Алматы облысында халықаралық аэростаттар фестивалі өтті. Оған Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстаннан 30 мыңнан астам көрермен жиналды. Ұйымдастырушылар бұл жоба жыл сайын өткізілсе, уақыт өте келе елдің басты туристік брендіне айналатынына сенімді. Бұл ретте отандық фестивальдің шетелдік ірі ивенттермен бәсекелесуге толық әлеуеті бар.
НАТАЛЬЯ РАСТОРОПНОВА, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘУЕ ШАРЛАРЫ ФЕСТИВАЛІНІҢ БАС ПРОДЮСЕРІ:
Қазір әлемде концерт те, шоу да көп, бірақ өзіндік ерекшелігі бар, өзгеше шаралар аз. Біз де бірте-бірте сондай деңгейге көтеріліп келеміз деп үміттенемін. Келіңіздер, өзіміздің, ең кем дегенде, бір аптада миллионнан астам турист жинайтын Альбукеркемізді жасайық.
Үсен Астана