Мазмұнға өту
· 11 қаралым

Таққа отырған күнімен құттықтады

Президент Иордания королін Таққа отырған күнімен құттықтап, оған жеделхат жолдады. II Абдалла бен әл-Хусейн Таяу Шығыстағы елді басқарып отырғанына биыл 27 жыл екен. Құттықтау сөзінде Қасым-Жомарт Тоқаев екі мемлекет арасындағы достық пен өзара қолдау рухындағы сан қырлы ынтымақтастық қос халықтың игілігі жолында қарқынды дами беретініне сенім білдірді.

Нұрай Құрақбай

← Барлық жаңалықтар