Мазмұнға өту
· 12 қаралым

Мемлекет басшысы тағы бір стратегияны бекітті

Жасанды интеллект Қазақстанның жарқын болашағына жол ашады. Президент 2029 жылға дейінгі «Digital Qazaqstan» стратегиясын бекітті. Жаңа құжатқа сәйкес, заманауи технологиялар мемлекеттік басқарудың негізіне айналады. Өйткені жаһандық цифрлық трансформация жағдайында қоғам мен экономиканы жаңғыртудың жаңа кезеңіне өту маңызды. ЖИ-ді жаппай енгізу өнеркәсіпте, жер қойнауын пайдалануда, логистика мен энергетика салаларында инвестиция көлемін 16,5 млрд долларға дейін арттырады деген үміт бар. Ал бизнестің өнімділігі артып, шығындары азайса, дамудың даңғыл жолына түсері анық. Сондай-ақ мемлекеттік жүйе кезең-кезеңімен автоматтандырылып, бюджет шығындарының ашықтығы күшейтіледі. Сондықтан технологиялық тұрғыдан ең дамыған мемлекеттердің қатарына кіру басты меже.

← Барлық жаңалықтар