Мазмұнға өту
· 5 қаралым

Үкімет әлеуметтік міндеттемелерін мүлтіксіз орындады

Тиімсіз жобалар қазынаға салмақ салғанымен, Үкімет ақылға сыйымсыз бастамаларға жол берген жоқ. Сөйтіп 2025 жылы барлық әлеуметтік міндеттемелерін мүлтіксіз орындады. Бұл туралы Қаржы министрі Мәди Такиев мәлімдеді. Оның сөзінше, ұлттық жобалар аясында 198 мектеп пен 655 аурухана бой көтерді. 10 мың студентке арналған 30 жатақхана пайдалануға берілді. Сондай-ақ әлеуметтік осал топтар үшін 5 мыңнан астам баспана сатып алынған. Инженерлік желілер жаңарып, елдің ішер суы тазарып, көңілге медеу болды. Тасталқан болған трассаларды тақтайдай тегістеп, 13 мың шақырым жол жөнделіпті.

МӘДИ ТАКИЕВ, ҚР ҚАРЖЫ МИНИСТРІ:

Республикалық бюджеттің кірістері жоспардан 99 пайызға орындалып, 21,4 триллион теңгені құрады. Оның ішінде республикалық бюджеттің меншікті кірістері трансфертті есептемегенде 17,5 пайызға өсіп, 15,3 триллион теңгеге жетті. Жалпы жоспар бойынша 336 миллиард теңге орындалмады. Оған келесі бірнеше объективті фактор әсер етті. Мұнайдың орташа бағамының 6 АҚШ долларына төмендеуі.

← Барлық жаңалықтар