Мазмұнға өту
· 8 қаралым

Атыраудағы ерекше лагерь

Атырауда ерекше лагерь жұмысын бастады. Оған тынығуға келген ер балалар ағаш жонып, садақ атып, ал қыздар кесте тігіп, тоқуды меңгереді. Этнолагерьдің басы-қасында жүргендер жасөспірімдердің бойына ұлттық тәрбиені осылай сіңіруді көздепті. Жазғы демалыс екі аптаға созылады. Жобаны қаржыландыруға өңірдегі ірі мұнай компаниясы атсалысқан. «Асыл мұра» деп аталатын бағдарлама бір жылға жоспарланған. Оның «Ұлы дала өнері» шеберлік мектебі, «Мұрагер» этноклубы және «Ұрпаққа аманат» дәстүрлер мектебі деген үш кезеңі бар.

ЖАНАР ӘБІШ, ЭТНОЛАГЕРЬДІҢ НЕГІЗІН ҚАЛАУШЫ:

Біздерде садақ ату мектебінен келген ағайларымыз бар. Балаларды дәлдікке, қырағылыққа, сабырлылыққа, шыдамдылыққа үйрететін осындай садақ ату сабақтарын кірістірдік. Қыз балаларға бауы, киіз үйдің терме бауы деген не, оған қалай отыру керек, қалай жасай білу керек, соның бәрін сыйыстырып жасап жатырмыз.

← Барлық жаңалықтар