Мемлекет басшысы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиеваны қабылдады. Қасым-Жомарт Тоқаевқа осы бағыттағы атқарылып жатқан жүйелі жұмыстар туралы мәлімет берілді. «Қазақстан балалары» тұжырымдамасын іске асыру барысы сөз болды. Аталған құжат аясында ұл-қыздардың құқықтарын қорғауға бағытталған бес жылдық жоспар әзірленген. Зәкиеваның айтуынша, өңірлерде арнайы басқармалар құрылып, психологиялық қолдау орталықтарын ашу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Президент бұл міндеттерді жүйелі түрде іске асыруды тапсырды.