Мазмұнға өту
· 17 қаралым

Вагон сүйретіп, рекорд орнатты

Атырау облысының тұрғыны 165 тонналық вагонды сүйреп, рекордты жаңартты.

Мұндай жетістікке Ерсейіт Бралин үздіксіз дайындық пен табанды еңбектің арқасында қол жеткізген. Қажымұқанның жолын қуған күш иесі темір көтеріп, вагон сүйреуден бөлек аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінде жұмыс істейді. Оның айтуынша, өрт сөндірушіге кәсіби біліктілігін ғана емес, денсаулығын да шыңдап отыру керек. Сол себептен де ол спорттың пауэрлифтинг пен грепплинг түрін серік етіп жүр.

ЕРСЕЙІТ БРАЛИН, ҚҰРМАНҒАЗЫ АУДАНЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БӨЛІМІНІҢ №7 ӨРТ СӨНДІРУ БӨЛІМШЕСІНІҢ КОМАНДИРІ:

Бір жылдан бері ойлап жүрген өзімнің бір арманым. Осыған дейін 2 вагон тартқан, 3-5 вагон тарттық. Осы күнге, Аллаға шүкір, жетіп жатырмыз. Қолдап, көмек көрсетіп жатқан бауырларыма рақмет, баршаңызға да рақмет.

Қайсар жігітке КИНЭС-2026 Қазақстан рекордтар кітабының батыры атағы берілді. Сондай-ақ арнайы сертификат табысталды. Қазақтың салтымен ұйымдастырушылар шапан жауып, ат мінгізді.

БАҚЫТЖАН ТАСТҮЛЕКОВ, ҚАЗАҚСТАН РЕКОРДТАР КІТАБЫНЫҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Жеті вагонның салмағы 165 тонна 200 кг. 9 метр 75 см-ге жылжытты. Бұл рекорд бүгіннен бастап Құрманғазы ауданында рекорд орнатылды, оның иесі Бралин Ерсейіт деп тарихқа жазылады.

Жанар Арғынова

← Барлық жаңалықтар