Бүгін бас қалада «Amanat» партиясының кезекті 26-съезі өтеді. Іс-шараға партия төрағасы Ерлан Қошанов, саяси кеңес мүшелері, депутаттар, өңірлік филиалдардың делегаттары мен «Жастар Рухы» жастар қанатының белсенділері қатысады. Сондай-ақ алқалы жиынға сарапшылар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері де шақырылған. Саяси ұйымның кезекті жиынында қандай мәселе қаралатыны белгісіз. Қоғамда партияның жұмысына, болашағына қатысты түрлі пікір айтыла бастады.
Рамазан Палмағамбет