Мазмұнға өту
· 9 қаралым

Геннадий тарихи жетістікке жетті

Мұхаммед Әли, Майк Тайсон, Геннадий Головкин! Енді қазақстандық боксшының есімі әлемдік жұлдыздармен бір қатарда тұрады. Гүрзі жұдырықты Геннадий «Халықаралық бокс даңқы залының» төрінен орын алды. Ол бұл мәртебеге ие болған Қазақстандағы ғана емес, Орталық Азиядағы алғашқы боксшы атанды. Қарағандыдан шыққан қабыланның бокс элитасының қатарына қосылуына тіркеген нәтижесі себеп болған. Мәселен, әуесқой бокста 350 жекпе-жектің 345-інде жеңіске жеткен. Ал кәсіпқой деңгейде 42 рет айқасып, 37 мәрте қарсыласын сұлатып түсірді.

АҚШ-тың Канастота қаласында өткен салтанатты шара қызыққа толы болды. Геннадийді «өз дәуірінің үздігі» деп бағалаған америкалық аңыз Шугар Рэй Леонардпен көз арбасып, жанкүйерлердің көзіне жас үйірді. Жалпы тарихи оқиғаның куәсі болуға келгендердің қарасы қалың. Барлығы біздің батырдың қолтаңбасын алуға асықты.

← Барлық жаңалықтар