Мазмұнға өту
· 8 қаралым

Бас жүлде — 50 млн теңге!

Бас жүлде 50 млн теңге. Мәдениет және ақпарат министрлігі жазушыларға арнап, «Қала хикаялары» атты жаңа республикалық әдеби байқауды жариялады. Сайысқа әлі сиясы кеппеген, бұрын еш жерде жарияланбаған, хикаясы қала тақырыбында өрбіген роман авторлары қатыса алады. Шығарма көлемі кемі 10 авторлық баспа табақ болуы шарт. Байқау қорытындысы бойынша, бас жүлде ұтқандарға 100 мың доллар, одан кейінгі жүлделі үш орынға 75 мың, 50 мың және 30 мың доллардан беріледі. Сондай-ақ, өзгелерден оқ бойы озған авторлардың туындылары 15 мың данамен басылып, еліміздің кітапханаларына таратылып, оқырман назарына ұсынылады. Өтінімдер алдағы қыркүйек айынан бастап жыл соңына дейін қабылданады.

← Барлық жаңалықтар