Мазмұнға өту
· 4 қаралым

Ертең ЖОО-ға құжат өткізу басталады

Ертеңнен бастап еліміздің жоғары оқу орындарында қабылдау комиссиялары жұмысын бастайды. ҰБТ тапсырып, бірақ мемлекеттік грант конкурсына қатыспайтын, ақылы оқуды таңдаған талапкерлер өзі қалаған оқу орнына құжаттарын өткізе алады. Ал мемлекеттік грант ұтудан ниетті жандар конкурсқа қатысу үшін 13-20 шілде аралығында өтініш беріп үлгеруге тиіс. Түлектер кез келген оқу орнындағы қабылдау комиссиясына барып та, eGov электрондық үкімет порталы арқылы да өтініш тастай алады. Грант алып, оқуға түскендердің тізімі 10 тамызға дейін жарияланады.

← Барлық жаңалықтар