Мазмұнға өту
· 16 қаралым

Театрларға қызығушылық артты

Биылғы театр маусымында өнер ордаларында 16 мыңнан астам қойылым сахналанған. Оларды 3 миллионға жуық көрермен тамашалаған. Мәдениет және ақпарат министрлігі мәліметінше, елімізде түрлі бағыттағы 59 мемлекеттік театр жұмыс істейді. Салада 8 мыңнан астам адам еңбек етеді. Сондай-ақ биыл киелі сахнада қойылатын жаңа спектакльдер мен бағдарламалар саны 410-ға жеткен. Көрермендер келетін нысандарды жаңғырту жұмыстары да уақтылы жүргізіліп жатыр екен.

Маржан Нүсіпбек

← Барлық жаңалықтар