Мазмұнға өту
· 7 қаралым

Отандасымыз Таиландты шулатты

Отандастарымыз сыртта да қарап жүрмейді. Таиландтың атақты Пхукет демалыс аймағында 30 жастағы қазақстандық келіншек ұсталды. Корольдік елде жерлесіміз полициядан қашамын деп, жол апатына түскен көрінеді. Көлік тізгіндеген әйел аралдағы негізгі жолдардың бірінің қақ ортасына тоқтап, қозғалысқа кедергі келтірген. Тіпті отандасымыз өткен-кеткен адамдарға оғаш қылық та көрсетіпті. Ал полицияны көргенде бой тасалаймын деп, екі көлікпен соқтығысты. Жол апатынан екі адам зардап шегіп, азаматымыз тергеу изоляторына қамалды. Аталған деректі Сыртқы істер министрлігі де растады. Қазір дипломаттар Таиланд билігімен байланыс орнатып, жерлесімізге қажетті консулдық көмек көрсетіп жатыр.

← Барлық жаңалықтар