Мазмұнға өту
· 9 қаралым

Мемлекет басшысы Брюссельге ресми сапармен барды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ресми сапармен Брюссельге табан тіреді. Әуежайда Президентті Құрмет қарауылы аса зор құрметпен қарсы алды. Сапар барысында Мемлекет басшысы Бельгияда білім алып, жұмыс істеп жүрген ел азаматтарымен кездесті. Әңгімелесу барысында отандастарымызды жаңа Конституцияның қабылдануымен құттықтады. Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің жаңа Ата заңында білім мен ғылымды және инновацияны дамыту мемлекет қызметінің стратегиялық бағыты ретінде белгіленгенін айтты. Осы ретте Президент жастарды бірнеше шет тілін меңгеруге шақырды. Сонымен қатар, Еуропа одағы жетекшілерімен келіссөз алдында Мемлекет басшысы Еуропалық кеңестің президенті Антониу Коштамен бейресми кездесу өткізді.

← Барлық жаңалықтар