Мазмұнға өту
· 6 қаралым

Мемлекет басшысы Бельгия премьер-министрімен кездесті

Мемлекет басшысы Бельгия премьер-министрімен кездесті. Тараптар екі ел арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен перспективаларын талқылады. Сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды нығайтуға айрықша назар аударылды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Бельгия Қазақстан экономикасына қаржы құйған 10 жетекші инвестордың қатарына кіреді. Соңғы 20 жылда инвестицияның жалпы көлемі 15 миллиард долларды құраған. Өз кезегінде Барт де Вевер екіжақты қарым-қатынасты одан әрі нығайтуға ниетті екенін жеткізді. Сондай-ақ ғылым және білім беру саласындағы серіктестікті ілгерілету жобалары жан-жақты пысықталды.

← Барлық жаңалықтар