Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 148 қаралым

Қос палатаның отырысы өтеді

Жуырда тағы да Сенат пен Мәжілістің бірлескен отырысы өтеді. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің ресми сайтында жарияланды. Хабарламаға сүйенсек, қос палата депутаттары 26 маусым күні сағат 10:00-де бас қоспақ. Алайда талқыланар тақырыптың қандай болары әзірге белгісіз. Бұған дейін биліктің жоғары тармақтары 20 мамырда жиналған. Депутаттар екінші оқылымда Президент, Құрылтай, Қазақстан Халық кеңесі, астананың мәртебесі секілді бірқатар заң жобаларын талқылаған болатын.

← Барлық жаңалықтар