Мазмұнға өту
· 14 қаралым

Шенеунік өлім жазасына кесілді

Пара алған атқамінер өлім жазасына кесілді. Қытайдың Цзяньси провинциясының соты Шанхай партиясы тұрақты комитетінің бұрынғы мүшесінің аса ірі көлемде ауызбастырық алғанын дәлелдеп, үкім кесті. Бірақ жаза екі жылдан кейін орындалады. Тергеу барысында айыпталушы 20 жылдан бері қызметін асыра пайдаланып келгені белгілі болды. Ал атқамінер делдалдар арқылы қолма-қол ақша мен жылжымайтын мүліктер сатып алған. Параның жалпы сомасы 20 млн долларға жуықтайды екен. Бірақ осы екі жылдық сынақ мерзімінде сотталушы жаңа қылмыс жасамаса, ауыр үкім өмір бойына түрмеде отыру жазасына ауыстырылуы мүмкін.

← Барлық жаңалықтар