Мазмұнға өту
· 8 қаралым

Мемлекет басшысы Өзбекстан президентімен телефон арқылы сөйлесті

Қазақстан мен Өзбекстанның қарым-қатынасы жоғары деңгейде дамып келеді. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев телефонмен сөйлесу барысында айтты. Екі елдің көшбасшылары өзара ықпалдастықты одан әрі нығайту жолдарын қарастырды. Сондай-ақ биыл сәуір айында Бұхара қаласында өткен мемлекет басшылары кездесуінде қол жеткізген уағдаластықтарды нақты іске асыру мәселелерін талқылады. Тараптар өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі маңызды жайттар жөнінде пікір алмасып, алдағы ортақ іс-шаралардың кестесін қарастырды.

← Барлық жаңалықтар