Мазмұнға өту
· 5 қаралым

Өзбекстанға қыдырып баратындардың саны артқан

Соңғы уақытта Өзбекстанға қыдырып баратын қазақстандықтардың саны артқан. Мәселен, жарты жылдың өзінде 1 млн-нан астам отандасымыздың таңдауы осы елге түсіпті. Азаматтардың басым көпшілігі Ташкент, Самарқанд, Бұхара және Хиуа қалаларына қыдырып барады екен. Өзбекстан Ұлттық статистика комитетінің дерегіне сүйенсек, бұл елге 5 айда 5 млн 300 мыңнан аса шетелдік турист саяхаттап келіпті. Олардың арасында Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстаннан келетін азаматтардың саны көш бастап тұр.

← Барлық жаңалықтар