Жанкүйерлер үшін жағымды жаңалық. Еліміздің батысында халықаралық талаптарға сай келетін жаңа стадионның құрылысы қарқын алды. Ақтөбедегі спорттық нысан 35 мың адамға арналған. Қазір құрылыс алаңында 152 адам еңбек етіп жатыр. Жұмысы қызған шақта 700 адамға дейін тартылады. Стадионды түркиялық мердігерлер салып жатыр. Келесі жылдың соңында аяқталуы тиіс. Заманауи стадион болашақта халықаралық деңгейдегі матчтармен қатар, ірі мәдени іс-шаралар өткізетін орынға айналмақ.
АСХАТ ШАХАРОВ, ОБЛЫС ӘКІМІ:
Құрылыс алаңында біз келіп, жұмыс барысын тексерудеміз. Себебі осы жобаны Президентіміз футболды ерекше қолдап және біздің өңірімізде құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу үшін ерекше қолдау көрсетуде. Әлеуметтік нысан өңірімізге жақсы серпіліс береді. Тек футбол ғана емес, болашақта үлкен концерт болсын, басқа да көрініс ретінде жақсы жобаларды іске асыруға мүмкіндік береді.