Мазмұнға өту
· 6 қаралым

Ерлан Қарин жаңа қызметке тағайындалды

Бүгін Ерлан Қарин Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды. Президенттің Жарлығымен ол Мемлекеттік кеңесші қызметінен босатылды. Айта кетейін, конституциялық реформаға байланысты аталған лауазымның жойылатыны жөнінде Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылордада өткен Құрылтайда айтқан еді. Тіпті бұл шешім үшін Қариннен «ғафу өтінген» болатын. Ерлан Қарин мемлекеттік басқару жүйесінде көп жылдан бері еңбек етіп келеді. Президенттің кеңесшісі және саяси мәселелер жөніндегі көмекшісі, Мемлекеттік хатшы қызметін атқарған. Мемлекеттік органдар мен ғылыми ұйымдарда да жұмыс істеді.

← Барлық жаңалықтар