Жаңа Конституцияның басты негіздерінің бірі — құқықтық және әлеуметтік мемлекет құру.
Бұл өзгерістер заң үстемдігін арттыруға оң ықпалын тигізбек.
Көпшілікті елең еткізген реформалар ел ішінде қызу талқыланып жатыр.
Әсіресе, жаңашылдықты күткен халықтың болашаққа деген сенімі нығая түскен дейді сарапшылар.
АҢСАР АБЫЛХАСЫН, ЗАҢГЕР:
Осы уақытқа дейін ауқымды жұмыс атқарылды. Жалпыхалықтық референдум өтті. Жаңа Конституцияның енгізілуі халық үшін де ерекше жайт болып табылады. Өйткені бұл соңғы 30 жылдағы ең үлкен реформалардың бірі. Жаңашылдықты асыға күтеміз.
Жанар Арғын