Әлем көз тіккен доп додасының 1/8 финалына жолдама алған тағы 3 ұжым белгілі болды.
Англия біраз терледі, Бельгияға ешкім сенбеді, ал АҚШ он ойыншымен жүріп ерледі. Конго құрамасына қарсы жетпіс минут гол соға алмай, пұшайман болған Англия Харри Кейннің арқасында келесі кезеңге өтті.
Ал Сенегалдан екі доп айырмасымен жеңіліп, жанкүйерлерінің сенімін сетінеткен Бельгия тағы да камбэк жасады. Жүз жиырмасыншы минутта пенальтиді сәтті орындап, жарысты жалғастырмақ.
Турнир қожайындарының жағдайы тіптен қиын еді. Босния және Герцеговина құрамасына қарсы 64-минутта он ойыншымен қалды. Дегенмен есептегі басымдығын ұлғайтып, Балқан еліне мүмкіндік бермеді.
Жақсылық Жасұланұлы