Қоғамдық диалог және дамудың құқықтық бағдары. Астанада Президент Іс басқармасы Парламентаризм институтының ұйымдастыруымен жаңа Ата Заңның қоғамдағы маңызы талқыланды. Кездесуде түрлі сала сарапшылары мен бұрынғы депутаттар конституциялық құндылықтарды нығайту, құқық үстемдігін қамтамасыз ету, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау, құқықтық саясатты жетілдіру мәселелеріне тоқталды. Мамандар жаңа құжат елдің орнықты дамуы мен демократиялық институттарды нығайтуға үлкен серпін беретінін атап өтті.
СӘУЛЕН НҰРЖАН, ҚР ПІБ ЖАНЫНДАҒЫ ПАРЛАМЕНТАРИЗМ ИНСТИТУТЫ ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
Қазіргі қабылданған Конституциямыз цифрлық құқықтарды да, отбасы мәселесін де, жеке шығармашылық құқықтарға қатысты қоғамның сұранысын да жан-жақты қамтиды деп ойлаймын. Халық пен мемлекеттің арасындағы шарт ретінде қалыптасқан Конституция қабылданды десем болады.
НАТАЛЬЯ ДЕМЕНТЬЕВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ VIII ШАҚЫРЫЛЫМ ДЕПУТАТЫ:
Жаңа Конституцияның маңызы біреу-ақ. Ол — демократияланған қоғам құру. Бір сөзбен айтқанда, қоғамдық-саяси институттар енді азаматтарымыздың құқықтары мен мүдделері үшін жұмыс істеуге міндетті.