Мазмұнға өту
· 6 қаралым

Докторантураға құжат қабылдау басталды

Ғылым жолын қуамын деген жастарға құлаққағыс! Елімізде докторантураға өтініш қабылдау басталды. Өтінім берген кезде тек тест орталығының сайтына кіріп, емтихан орнын, яғни қаланы таңдасаңыз жеткілікті. Ары қарай тест тапсыратын күн, уақыты мен мекенжайы көрсетілген хабарлама сіздің жеке кабинетіңізге келуі тиіс. Ал өтініш қабылдау 3 тамызда аяқталады. Грантта немесе ақылы негізде оқу үшін кемі 75 балл жинау керек. Емтихандар тамыздың 4-і мен 20-сы аралығында өтеді.

← Барлық жаңалықтар