Қош бол, көсем! Иран халқы қыста қаза тапқан елдің Жоғарғы көшбасшысы, аятолла Әли Хаменеймен қоштасып жатыр. Бүгін басталған қаралы жиын тоғызыншы шілдеге дейін жалғасады. Алты күнге созылатын аза тұту шарасына 30-дан астам мемлекеттің ресми делегациялары, 90-нан астам елдің діни қайраткерлері және миллиондаған азамат қатысатын көрінеді. Оның сүйегі Тегеранның шығысындағы «Мосалла» атты ірі діни кешенге әкелінген. Мұнда кез келген ирандық келіп, бұрынғы рухани көсемімен бақұлдаса алады. Одан кейін елдің бірнеше қаласында қаралы шеру өтеді. Ал Әли Хаменей өзінің туған жері Мешхед шаһарына жерленеді. Айта кетейік, Иранның рухани көшбасшысы 28 ақпанда АҚШ пен Израильдің жасаған алғашқы соққысы кезінде өз резиденциясында көз жұмып еді.