Үшем, төртем дегенге құлағымыз үйренді, бесем дегенді естідіңіз бе?
Перзентханаға келген келіншек бірден бес бала тапты. Бұл Өзбекстанның Әндіжан қаласында болған.Дәрігерлер әйелді кесарь тілігі арқылы босандырыпты. Отаға тәжірибелі акушер-гинекологтар, неонатологтар мен реаниматологтар қатысқан.
Дүниеге келген нәрестелердің үшеуі — қыз, екеуі — ұл. Қазір анасы мен бесемнің жағдайы тұрақты, барлығы мамандардың жіті бақылауында екен.
Ғалымжан Кенжебек